×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"Оқушылардың іші ауырады": Павлодарда ата-аналар мектеп асханасын тексеруді талап етті

07.04.2023, 13:58
sputnik.kz

Павлодарда ата-аналар мектеп асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасына шағымданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Pavlodarnews.kz мәліметінше, №41 ЖОББМ оқушыларының ата-аналары әлеуметтік желілерде азық-түлік сапасына шағымданды. Олардың пікірінше, балаларға дәмсіз тағамдар беріледі, ал түскі астан кейін оқушылардың іші ауырады. 

Аталған білім ордасына 2024 жылдың наурызына дейін «Кейтеринбург Қазақстан» ЖШС  қызмет көрсетеді. Қалалық білім бөлімі ата-аналардың өтінішінен кейін  мектеп асханасының жұмысын тексереді.

– Мәселе бақылауға алынды. Санитарлық ережелер, тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері бойынша мектептерде тамақтану сапасын ұйымдастыру мониторингі жөніндегі бракераждық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына медицина қызметкері, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қауымдастығы кіреді, –  деді білім бөлімінде.

Білім бөлімінде оқушылардың тамақтануына қатысты барлық мәселелер бойынша оқу орнының әкімшілігіне жүгінуге кеңес берілді.

 

Серіктес жаңалықтары