×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Қызылордада Илья Ильиннің ағасы және өңірлік спорт басқармасының басшысы сотталды

31.05.2022, 10:06
фото: ашық дереккөзден

Қызылордада Олимпиадалық резерв мектебінің 5 директорына және өңірлік спорт басқармасының басшысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне cілтеме жасап.

«2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды. Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.