×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

«Үкімет жанармай бағасын өсірмесін!»: Алматыда жүргізушілер тасжолды жауып тастады

07.04.2023, 18:06
видеодан скриншот

Алматыдағы Құлжа тасжолында ауыр жүк көлігінің жүргізушілері жолды жауып тастады. Олардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүргізушілердің айтуынша, жанар-жағармай бекеттері қазірдің өзінде бензин мен дизель отынының бағасын көтеріп жатыр. Жүргізушілердің бірі баға 300 теңгеге көтеріліп кеткенін айтып қалды.

«Литрі 230 теңгеден жоқ, 300-ден бар дейді. 300-ден құйсаң чек бермейді», - дейді олар.

Еске салайық, Энергетика министрлігі 12 сәуірден бастап елімізде бензин 11 пайызға қымбаттайтынын мәлім етті.

Жанар-жағармай материалдары бағасының көтерілу себебін түсіндірген Үкімет басшысы мұның мәжбүрлі шара екенін айтты.

«Бұл оңай шешім емес, бірақ оны қабылдауға мәжбүрміз. Егер қазір мұндай шешімді қабылдамасақ, онда жақын арада жанармай тапшылығына тап боламыз», –  деді Смайылов. 

 

Серіктес жаңалықтары