Астананың бірнеше ондаған тұрғыны әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы шеруге шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Демонстрацияны Myqty Women кемсітушілікке қарсы бастамасы ұйымдастырды.
Шеру Халықаралық әйелдер құқығын қорғау күніне орайластырылған, бірақ наурыз айының басында Қазақстан астанасындағы ауа райы мұндай шараларды өткізуге мүмкіндік бермегендіктен, оны сәуір айында өткізу туралы шешім қабылданды.
Жиналғандар Абай даңғылы бойымен Жазушылар аллеясынан Пушкин-Құдайбердіұлы даңғылындағы алаңға дейін жаяу жүруді жоспарлап отыр. Осыдан кейін Астана әйелдері митинг өткізбекші.
Наразылық білдірушілер мемлекеттен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қолға алып, зорлаушылар мен агрессорларға жазаны күшейтуді талап етуде.
Еске салайық, 8 наурызда Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті - оған қыздар мен ұлдар плакаттар мен ұрандармен келген. Олар отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды, зорлаушыларға жазаны күшейтуді және әйелдер құқығын сақтауды талап етті. Ақпанның 5-і күні Алматыда әйелдердің бейбіт жиналысқа қатысу құқығын қорғау акциясы өтті.
30 қаңтарда Астанада қудалауға қарсы митинг өтті.