×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Лионель Месси Роналдудың рекордын жаңартты

09.04.2023, 12:40
Ашық дереккөз

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси еуропалық клубтар үшін ең көп гол соққан «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Лига 1-нің 30-шы турындағы «Ниццаға» қарсы матчта Месси еуропалық клубтар сапындағы өзінің 702-ші ресми голын соқты, бұл тек ПСЖ-ның жеңісі ғана емес, Лионель Мессидің тағы бір жеке жетістігі болды.

Осылайша Месси Еуропадағы 702-ші голын соғып, бұл көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдудан (701) асып түсті.

Лионель Месси — аргентиналық футболшы, «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы және Аргентина құрамасының капитаны. Әлем чемпионы, Оңтүстік Америка чемпионы, Финалиссима жеңімпазы, Олимпиада чемпионы. Ол ең танымал және табысты футболшылардың бірі.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы «Астана-Аренадағы» көгалды сынға алған болатын.

Серіктес жаңалықтары