×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

ШҚО-да студенттен жарты жыл бойы ақша бопсалап, несие алдырған әккілер ұсталды (ВИДЕО)

01.06.2022, 13:37

ШҚО-да студенттен алты ай бойы ақша бопсалаған екі жігіт ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мамыр айында ПД Криминалдық полиция басқармасына екі тұрғын өткен жылдың қарашасы мен 2022 жылдың сәуірі аралығында 19 жастағы студенттен ақша талап еткені туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында ақпарат расталды.

Бопсалаумен айналысты деген күдікпен 22 және 19 жастағы екі тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, қаскөйлердің бірі оның группаласының шотында ақша барын біліп, жолдасына айтқан. Осыдан кейін екеуі ойласа келе, жәбірленушіге талап қойып, қаражаттың бір бөлігін өз шотына аударып алған.

Қорыққан жәбірленуші күдіктілерден жасырынып, оқу орнына, жұмысқа баруды тоқтатып, тіпті тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болған. Алайда екі күдікті бопсалауды тоқтатпаған. Жалпы,  шығын көлемі – 1,5 миллион теңге.

Сонымен қатар жәбірленушінің атына әрқайсысының құны 150 мың теңгеден асатын смартфондарға екі несие рәсімдеген. Олар келесі 200 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алу кезінде қолға түсті. Тінту жүргізу барысында олардың бірінен ұялы телефон, 44 мың теңге ақша және банк картасы тәркіленді.