×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Атырауда экологияның тазалығына арналған митинг өтті

09.04.2023, 15:22
Ашық дереккөз

Атыраудың 400-ге жуық тұрғыны «Таза ауа үшін» рұқсат етілген митингіге жиналды. Бұл туралы azh.kz сайтына сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Шара «Мұнайшы» стадионының алдында ұйымдастырылды. Митингтің бейбіт және сақшылардың қуғын-сүргінінсіз өткені атап өтілді. Полиция шетте бақылаумен болды.

Жиналғандардың көпшілігі жастар, егде жастағылар да аз емес.

Шерушілер қолдарына «Өкпеге ауа жетпейді», «Тыныс алатын ештеңе жоқ», «Атырау, дем ал», «Экология пайдадан қымбат», «АНПЗ, бізді улама!», «Біз талап етеміз» деген жазулары бар плакаттарды ұстап шықты. Олар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 198-бабын іске асыруды да талап етті

Еске салайық, бүгін Алматыда да митинг өтті. Наурыздың 19-ында өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспейтіндер оңтүстік астанада бас қосты.

Серіктес жаңалықтары