×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

«Қазақстан темір жолы» директорлар кеңесін экс-министр басқаратын болды

01.06.2022, 15:03
фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жалғыз акционерінің 27 мамырдағы шешімімен директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚТЖ ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор Калман Сомодидің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор болып Юрий Лавриненко сайланды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ҚТЖ директорлар кеңесі 9 адамнан тұратыны атап өтілді:

  • Юрий Лавриненко – директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Сауранбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрағасы;
  • Нұржан Байдәулетов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Ернат Бердіғұлов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Нәзира Нұрбаева – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Ғибрат Ауғанов – директорлар кеңесінің мүшесі, жалғыз акционердің мүдделерінің өкілі;
  • Ульф Вокурка – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Нұрлан Аханзарипов – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Джон (Иэн) МакКэй – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Юрий Лавриненко 1945 жылы 24 қарашада Ақмола облысында (ҚазКСР) дүниеге келген. Ленинград темір жол көлігі инженерлері институтын темір жол инженері мамандығы бойынша бітірген. «Құрмет» орденімен марапатталған.

  • 1994 жылғы маусымнан 1995 жылғы қарашаға дейін – Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің басшысы, әкімі.
  • 1995-1997 жылдары – Қазақстанның көлік және коммуникация министрі.
  • 1997-1999 жылдары – Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.

Кейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары, көлік және коммуникация бірінші вице-министрі, ҚТЖ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының басқарушы директоры – директоры қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ, парламент мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.