×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«Қашағанда» өндіріс тоқтады

01.06.2022, 16:22
фото: ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнындағы өндірістік нысандар жұмысы 1,5 айға тоқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz NCOC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу – маңызды іс-шаралардың бірі. Сол себептен бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтату көзделген. Мақсат – «Қашаған» кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу-өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған жұмыстар мен жобалардың орындалуын қамтамасыз ету. Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Қашаған» – Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры – болжам бойынша 9-13 млрд баррель. «Қашағанда» коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.