×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

"ҚазМұнайГаз" компаниясының бұрынғы басқарушы директорына іздеу жарияланды

02.06.2022, 17:27
фото: ашық дереккөзден

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Қаржылық мониторинг агенттігі 31.01.1976 жылы туған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Серді Ибулла Жұмағұлұлына іздеу жариялады. Азамат И.Серді бір топ адаммен алдын ала келісу арқылы аса ірі мөлшерде басқаның сеніп тапсырған мүлкін жымқырды деген күдікке ілінді",-  делінген ведомство хабарламасында.

Іздеудегі Ибулла Жұмағұлұлын көрген немесе ол туралы басқа да ақпарат белгілі болған жағдайда Агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

Іздеудегі адамның тұрған жері туралы сенімді ақпарат берген кісіге ақшалай сыйақы белгіленді, анонимдікке кепілдік беріледі.