×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Сот төрағасының жекеменшік ұшағы: Елордада тексеріс басталды

03.06.2022, 12:01
фото: ашық дереккөзден

Елорда сотының экс-төрағасы Тілектес Бәрпібаевтың жекеменшік ұшағына байланысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бүгінгі таңда жекеменшік ұшақты Бәрпібаевтың құдасы болып келетін бизнесмен өзі және отбасы үшін медициналық операция жүргізу үшін Германияға бару мақсатында жалға алғаны анықталды. Бизнесменнің Германия клиникаларының бірінде медициналық қызмет алуы және ұшаққа жеке өзі ақы төлеу фактісі құжат арқылы расталған. Бәрпібаевқа келетін болсақ, ол әйелімен бірге осы чартерлік рейстің жолаушылары болған. Ол да медициналық тексеру үшін ұшқан. Аталған факті бойынша тексеру жалғасуда. Бәрпібаевтың Судья әдебі кодексін сақтау мәселесі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті комиссиясы қызметтік тексеру жүргізеді", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында. 

Сондай-ақ, бұдан бұрын Тілектес Бәрпібаевтың қызметінен босатылғаны жайлы ақпарат пайда болған еді. Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі бұл деректі растап, сот төрағасы 2 маусымда Президент Жарлығымен қызметінен алынғанын мәлімдеді.  

Айта кетейік. Тілектес Бәрпібаев 2013 жылы Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған.