×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК тәркіленген қару-жараққа қатысты мәлімет берді

03.06.2022, 13:20
фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері заңсыз айналымнан, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруды табу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Заңсыз айналымнан барлығы 61 қару, 13 граната және 1170 оқ-дәрі тәркіленді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген ҚР ҰҚК мәліметінде.

Атап айтқанда:

- Алматы облысында «Байкал» тапаншасы, 2 мылтық, 10 граната және әртүрлі калибрлі 104 оқ жасырылған орын табылды.

- Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардан 3 бірлік қару мен 109 оқ-дәрі тәркіленді.

- «Макаров» тапаншасын сату кезінде өңірдің қылмыстық өкілі ұсталды.

Оның тұрғылықты жері бойынша «қаңтар оқиғасы» кезінде Талдықорған қалалық полиция басқармасынан ұрланған тағы бір тапанша тәркіленді.

- Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларды, соның ішінде Президент резиденциясына шабуыл жасағандарды ұстау барысында «Глок» маркалы тапанша мен 29 оқ, тегіс ұңғылы 3 мылтық тәркіленді.

- Тергеудегі «Қазақстандық» ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері өз еркімен 39 бірлік қару, қатты дыбыс шығаратын 1 граната, 1 броньды сауыт және 98 оқ тапсырды.

- Полиция органдарымен бірге «Қорған» аңшылық дүкенінен қару ұрлауға қатысы бар өңір тұрғындары ұсталды. Тінту барысында олардың тұрғылықты жері бойынша оптикалық нысана, тегіс ұңғылы оқпен жабдықтауға арналған станок, сондай-ақ «ASG» страйкболға арналған мылтық алынды.

- Жамбыл облысында «Калашников» автоматы, револьвер, «Сайга» карабині және 328 оқ-дәрі жасырылған орын табылды.

- Қызылорда облысында «Калашников» автоматы, «Макаров» тапаншасы, «Борз» тапанша-пулеметі, «Сайга» карабині, «Ф-1» гранатасы және 59 оқ-дәрі жасырылған орындар анықталды.

- Шығыс Қазақстан облысында Полиция департаментімен бірге жасырын жерден 1 шолақ мылтық, 1 «РГ-42» гранатасы, 168 оқ-дәрі және 1 броньды сауыт алынды.

- Түркістан облысында полиция органдарымен бірге «Мосина» маркалы мылтық тәркіленді.