×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Путиннің қатерлі ісіктен емделіп жатқаны рас па – АҚШ барлаушылары анықтады

03.06.2022, 14:13
фото: ашық дереккөзден

Ресей басшысы Владимир Путин сәуірде ісік ауруының соңғы сатысын емдеу курсынан өткен. Бұл туралы Newsweek журналы үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. 

Басылым дерегінше, сәуірдің аяғы мен мамырдың ортасына дейін америкалық барлау қызметі Путин қатты ауырып, тіпті өлім аузында жатыр деген мәліметті тексеріп, ортақ тұжырымға келген. Коронавирустан сақтану шарасы оның ауру екенін жасырған болса керек, деп есептейді барлау қызметіндегілер.

Сондай-ақ, құжатта наурыз айында Путинге қастандық жасалғаны да айтылған.

"Путиннің билігі мықты, бірақ абсолютті емес. Оның Кремльде билік құрған бүкіл уақытында мұндай қызу күрес ешқашан болған емес, барлығы мұның соңы жақындап қалғанын сезеді", – дейді журналдың дереккөздерінің бірі.

Үш ақпарат көзі де Ресей басшысының оқшаулануы АҚШ барлау агенттерінің Путиннің денсаулығына нақты баға беруін қиындататынын атап өткен.

Сәуірдің басында "Проект" басылымы 69 жастағы президентке соңғы жылдары лор мен хирургтің ұшып баруы жиілегенін жазған. Егде кісілердің қалқанша безіндегі ісікті осы мамандар емдейтіні белгілі.