×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ақсуда су құбырын жөндеуге бөлінген 340 млн теңге ұрланған

03.06.2022, 15:30
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Павлодар облысы Ақсу қаласында су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны қолды қылған құрылыс бөлімінің басшысы Төлеухан Мұздыбаевқа, "Дала" ЖШС директоры Базарбай Рыспековке және техникалық қадағалау маманы Нұртазинге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Айыпталушылардың үшеуі де жұмыс орындалмай тұрып актілерге қол қойған. 

Ақсу қалалық сотының үкімімен Төлеухан Мұздыбаев Президентке "Ерең еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізе отырып, 7 жылға, Базарбай Рысбеков – 9 жылға, Нұртазин – 7 жылға бас бостандығынан айырылды.