×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қар, тұман, көктайғақ: Екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

03.10.2021, 15:51
Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 4 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа күшейеді.

Петропавл қаласында 4 қазанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында ертең көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары