Tesla компаниясы Optimus атты гуманоид роботының жұмыс прототипін таныстыруға дайындалып жатыр. Таныстырылым 30 қыркүйекке жоспарланған. Бұл туралы компанияның негізін қалаушы Илон Маск Twitter-де жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Tesla-ның жасанды интеллект күні 30 қыркүйекке ауыстырылды, өйткені сол уақытта бізде Optimus роботының прототипі дайын болуы мүмкін", – деп жазды Маск.
Оның айтуынша, робот жаһандық жұмыс күшінің жетіспеушілігін шеше алады. Көп ұзамай ол Tesla зауытына заттарды тасымалдайды деп болжанып отыр.