Қыздар Алматы қаласынан табылды.
Қызылорда қаласында жоғалып кеткен 14 және 16 жастағы жасөспірім қыздар Алматыдан табылды, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz қалалық Полиция басқармасына сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері мен туыстары іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қыздар Алматы қаласынан табылды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерді Қызылордаға жеткізіп, ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді», - делінген хабарламада.
Екі жасөспірім қыз 1 маусымда қалалық демалыс орнына кеткен бойы үйлеріне қайта оралмаған. Оларға іздеу жарияланған болатын.