×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

БҚО-да бүкіл отбасы жол апатына ұшырап, әйел адам көз жұмды

04.06.2022, 14:14
ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция майоры Дариға Мәжитованың айтуынша, оқиға 3 маусым күні сағат 18.13-те Ақсай-Шыңғырлау жолының 34-шақырымында болған.

41 жастағы ер адам айдап келе жатқан «Рено Сандеро» автокөлігі аударылып кеткен. Автокөлік салонында әкесі мен анасы, баласы мен қызы, барлығы бес адам болған. Жол апаты салдарынан 1961 жылғы әйел есін жия алмастан ауруханада көз жұмды.

«Жол апатына жүргізушінің қалғып кетуі себеп болған. Медициналық куәландыруға сәйкес ол ішімдік ішпеген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»,  – деді БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Д.Мәжитова.