×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Референдум күні ауа райы қандай болатыны белгілі болды

04.06.2022, 17:14
ашық дереккөзден

“Қазгидромет” РМК 4-6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен, республиканың барлық аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр жауады, 05 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Температура аясында ерекше өзгерістер күтілмейді: батыста 22-33 жылу, оңтүстік-батыста 29-37 жылу, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33-ке дейін жылу, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады” , делінген хабарламада.