×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қошанов: «Мұнайшылардың талабы орынды немесе орынсыз деп айта алмаймын»

12.04.2023, 11:41
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасы, Аманат партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кулуарда мұнайшылар наразылығы жөнінде журналистер сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кеше болған оқиға – барлығы заң шеңберінде болды деп есептеймін. Өздеріңіз көргендей, жұмыскерлердің бәрі үйлеріне қайтты», - деді Ерлан Қошанов.

Парламент спикерінен журналистер «адамдарды кешегідей ұстау заң шеңберінде болды деп есептейсіз бе?» деген сұрағына Ерлан Қошановтың өзі «ал заң бұзудың өзі дұрыс деп ойлайсыз ба?» деп жауап берді.

«Әрине, ол жерде заң бұзылды. Митинг туралы заң бар. Заң да бұзылды, сонымен қатар мұның бәрі заң шеңберінде шешілді», - деді ол.

Қошановтан журналистер «неліктен өзіңіз мұнайшылардың неге шықпадыңыз?» деп сұраған. Алайда нақты жауап болмады.

«Мемлекеттік органдар тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал басқа мәселелермен біз де айналыстық. Бәрі заңнама шеңберінде болды. Олармен мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері жұмыс істеді. Бұл жерде жұмыс беруші мен тендер өткізген квазимемлекеттік орган арасанда болып тұр. Бұл шаруашылық дау», - деді ол.

«Мұнайшылардың талабы туралы не ойлайсыз?» деген сұраққа Қошанов «байқасаңыздар 700 мың теңгеге дейін оларға жұмыс ұсынылғанын» айтады.

«Олардың талабы орынды немесе орынсыз деп айта алмаймын. Себебі мұнымен қазір құзырлы органдар айналысып жатыр. Мұның артында кім тұр? Кімнің әрекеті бар? Кім мұны ұйымдастырды? Тендер дұрыс өтті, өтпеді ме – мұны да анықтау керек», - дейді ол.

Алайда журналистер «яғни мұны біреу ұйымдастырған деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа Қошанов «мені сөзден ұстаймын деп ойламаңыз» деді.

”Мен сізге айтып жатыр, барлығы мүмкін бұл жерде. Барлығы да мүмкін”, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары