×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Бердібек Сапарбаев: Қызметке шақырса дайынбыз

05.06.2022, 11:35
Фото: Ulysmedia.kz

Бірнеше облысты басқарған белгілі саясаткер Бердібек Сапарбаев жақында президентпен не үшін кездескенін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.  

«Ондай әңгімелер көп. Менің Қасым-Жомарт Кемелұлына келгендегі мақсатым – жалпы ол кісінің берген тапсырмалары қалай орындалып жатқаны (...) Аз да болса, тәжірибеміз бар. Өз ойымды, пікірімді бөлістім. Оны енді мемлекет басшысы қабылдады. Ұсыныс ешқандай жоқ. Өз үйімде бала-шағаммен (...)», - деді Бердібек Сапрбаев.

Ол сонымен қатар «қызметке шақырса барасыз ба?» деген сұраққа жауап берді.

«Қызметке шақырса, көреміз. Егер менің тәжірибем, білімім Отан үшін керек болса, әрине. Отан үшін, халық үшін қызмет етуге дайынбыз. Облыстарға ешқандай бармаймын. Оны айтпай-ақ қойыңыз», - деді ол.