×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Жалғас Жұмағұлов UFC турнирінде америкалық Джефф Молинадан жеңіліп қалды

05.06.2022, 12:05
Фото: Prosports

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC турнирінде кезекті жеңіліске ұшырады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 

UFC Vegas 56 турнирінде америкалық Джефф Молинамен (11-2) жекпе-жекте болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің пікірі екіге бөлінді. Жеңіс Молинаға берілді.

33 жастағы қазақстандық үшін бұл промоушендегі бес жекпе-жектің төртінші жеңілісі. Жалпы, Жалғастың еншісінде қазір ММА-да 14 жеңіс пен 7 жеңіліс бар. 24 жастағы Молина қатарынан оныншы жекпе-жегін және UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жалпы, оның қазір ММА-да 11 жеңісі мен 2 жеңілісі бар.