×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Референдумда бюллетеньдердің өшіп қалатын сиямен толтырылып жатқаны рас па?

05.06.2022, 12:26

Интернетте «бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген видео жарияланды. Бірақ бұл ақпарат жалған, деп хабарлады Ulysmedia.kz  stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пікірінше, дауыс беру кабиналарына осындай өшіп қалатын сиясы бар қаламдар әдейі қойылған.

«Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол әлеуметтік желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ», - деп жазылған хабарламада.