×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Алматы облысында 3 ер адам төбелесқор ағасын жөнге саламыз деп балғамен ұрып өлтірген

05.06.2022, 12:32
ашық дереккөзден

Алматы облысында 3 ер адам төбелесқор ағасын жөнге саламыз деп балғамен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің хабарлауынша, 1 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Лепка көлінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылған. Оның қолдары жіппен байланып, денесі көрпеге оралған.

Полицейлер зардап шегушінің Талғар ауданының 39 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Ол Тұздыбастау ауылында анасы және інісімен бірге тұрған. Ер адамның алкогольді жиі ішіп, отбасылық жанжал шығарғаны белгілі болды. Осы әрекеті үшін бірнеше рет жауапқа да тартылған.

Тәртіп сақшылары кісі өлтірді деген күдікпен жәбірленушінің үш туған ағасын ұстады. Алдын ала болжам бойынша отбасылық жанжал жиі болуына байланысты оның туыстары 27 мамырда мәселені түбегейлі шешу үшін жиналған.

“Жанжал шығарушымен сөйлеспек болғанда жағдай ушығып кеткен. Үш ағайынды балға және күрек сабымен төртіншісін өлтірді. Мәйітті көрші ауданға апарып, көлге лақтырған”, – делінген ПД хабарламасында.