Сағат 12.00-ге дейін 5 122 577 адам референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 % бюллетень алды.
Нақтырақ тоқталсақ:
Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.
Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.