×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Атырау облысында полицейлер 9-қабаттан құлау қаупі төніп тұрған 2 жасар баланы құтқарды

05.06.2022, 16:02
ашық дереккөзден

Атыраулық полицейлер 9-қабаттан құлап кету қаупінде болған 2 жастағы бүлдіршінді құтқарды, – деп хабарлады Ulysmedia.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 4 маусым күні 17:00 шамасында Патрульдік полиция экипажына Береке ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9-қабатында жас шамасы 2 жасар бүлдіршін балконнан құлағалы тұр деген хабарлама берілді.

Хабарлама бойынша барған Патрульдік полиция қызмет инспекторлары Еламан Төлешов және Нұрбол Багитов баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл құтқару әрекетін жасаған», – делінген хабарламада.

Полицейлер өрт жағдайында эвакуациялауға арналған баспалдақ арқылы 9-қабатқа өтіп, баланы аман алып қалды.

Тұрғындардың айтуынша,  олар баланы 9-қабаттан жерге лақтырылған түрлі заттарды көріп байқаған. Бала үй ішіндегі әлі келетін түрлі тұрмыстық заттарды балконнан лақтырған. Полицейлер баланы құтқару үшін үйге өткен соң оның пәтер ішінде жалғыз болғанын анықтады.

Ювеналды полиция инспекторлары баланың 1985 жылғы анасын тапты.