×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

16.00-дегі жағдай бойынша 7,1 млн адам референдумда дауыс берген

05.06.2022, 16:33
ашық дереккөзден

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 7 127 366 адам референдумда дауыс берген. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиясы ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 16.00-де өңірлердегі азаматтардың саяси науқанға келуі мынадай: Ақмола облысы – 65,11, Ақтөбе облысы – 53,52, Алматы облысы – 66,58, Атырау облысы – 56,19, Батыс Қазақстан облысы – 57,70, Жамбыл облысы – 67,36, Қарағанды облысы – 68,69 , Қостанай облысы – 69,18, Қызылорда облысы – 72,26, Маңғыстау облысы – 53,13, Павлодар облысы – 64,58, Солтүстік Қазақстан облысы – 69,80, Түркістан облысы – 72, Шығыс Қазақстан облысы – 68,30, Нұр-Сұлтан қаласы – 48,40, Алматы қаласы – 25,95, Шымкент қаласы – 63,34 пайыз. Жалпы, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 127 366 азаматы бюллетень алған. Бұл – тізімге енген азаматтардың 60,80 пайызы», – деді Асылбек Смағұлов.

Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскесіне келуіне қатысты келесі деректі сағат 18.00-де ұсынады.