Танымал фотограф Кулик Бертран өзінің Twitter-дегі парақшасында кеше Париждегі Эйфель мұнарасына найзағай түсенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Эйфель мұнарасына сағат 18.00 шамасында түскен найзағай. Бір уақытта екі камерамен түсірілді”, - деп жазды Бертран.
Француздық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, кешенге жылына орта есеппен 5 рет найзағай түседі екен. Бұл халыққа қауіпті емес. Өйткені Эйфель мұнарасының жоғарғы жағында электр қуатын тарататын 4 жайтартқыш орнатылған.