Ақтөбе қаласында дауыс беруге көпбалалы отбасы келді, – деп хабарлайды Ulysmedia.kz referendum.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты Амангүл мен Өмірхан Жетесовтер 21 баланы тәрбиелеп отыр. Олардың үшеуі өз баласы, қалғанын асырап алған.
Отбасында ата-анасымен бірге 10 сайлаушы бар. Данияр мен Көркемай Жетесовтер алғаш рет дауыс берді. Биыл олар 18 жасқа толды.