×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізбек

13.04.2023, 07:50
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті қаулы жобасын Сыртқы істер министрлігі дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік мерзімде 90 күннен аспайтын мерзімде визасыз жүре алады.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

Қазақстан Республикасына қайтару туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

Қытай азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;

Қытай азаматының төлқұжаты;

уақытша жол жүру құжаты.

Қаулы жобасында келісімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 18-19 мамырда Сиань қаласында Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылатыны аталып өткен.

Серіктес жаңалықтары