×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қаңтар оқиғасынан кейін көрінбей кеткен Маминнің қайда жүргені белгілі болды

13.04.2023, 09:06
Pro Hokei Ligasy

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Мамин Ташкентте хоккейшілерді салтанатында төбе көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ташкентте 2022/23 жылғы Қазақстан чемпионатының жабылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин, Өзбекстан хоккей федерациясының президенті Бахтиер Фазылов, ҚФХ бас директоры Глеб Каратаев және Өзбекстан хоккей федерациясының бірінші вице-президенті Баходыр Гафуров қатысты.

Қаңтардағы оқиғалардан кейін премьер-министр Мамин бастаған үкімет отставкаға кетті.Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы сирек көзге түсті – соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде желіде Маминнің Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен түскен суреті тараған.

Экс-премьер фотоның Астанада түсірілгенін айтып, Нығматулинмен және Жақсыбековпен кездескенін растады.

"Шынында да, Астана мейрамханаларының бірінде түскі уақытта менің жақын туыстарым ұйымдастырған қазақ дәстүріне сай іс-шара (сырға салу) өткізілді", - деді Мамин.

Серіктес жаңалықтары