×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қазақстанда қанша газ қоры бар екені белгілі болды

06.06.2022, 12:09
фото: ашық дереккөзден

Газ саласы қолдауға мұқтаж. Бұл туралы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан – газдың 3,8 трлн текше метр көлеміндегі қоры расталған ел, оны қауіпсіз және тиімді өндіріп, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне бағыттау керек. Газ өндірісінің 81 пайызы үш ірі жоба, яғни Қарашығанақ, Қашаған және Теңізге тиесілі. Жаңа геосаяси жағдайларда, жаңа транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан Республикасының өңірлерін одан әрі газдандыру мүмкіндігіміз бар. Бірақ, қазіргі уақытта газ саласы елеулі қолдауды, елеулі қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Өйткені газ тасымалдау жүйесінің нысандарын жаңғыртпай әрі кеңейтпей, тұтынушыларды одан әрі газбен үздіксіз жабдықтау мүмкін емес», - деді С. Жаркешов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Айта кетейік, бұдан бұрын «QazaqGaz» басшысы «газдың қазіргі бағасы оны өндіруші компанияларды ынталандырмайтынын» мәлімдеген еді.