×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Сұйытылған газ қанша теңгеге қымбаттайтыны айтылды

06.06.2022, 15:15
фото: ашық дереккөзден

Жыл соңына дейін сұйытылған газ бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Табиғи газдың бағасын бірлескен бұйрықпен бекіткенімізді білесіздер. Орташа деңгейде 8 пайыз өседі. Ал, сұйытылған газға келсек, жыл соңына дейін заңды түрде бекітуге мүмкіндік жоқ. Біз оны бақылауға алуды мақсат етіп отырмыз. Үкімет біздің министрлікке, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, Ұлттық экономика министрлігіне осындай міндет жүктеп отыр», деді Б.Ақшолақов.

Ведомство басшысының сөзінше, бұл мәселеде газ өндіріп отырған зауыттардың да жағдайы ескерілуі керек.

«Қазір сұйытылған газдың орташа бағасы бір тоннасына 28 мың теңге. Бұл, әрине, өзіндік құнын ақтамайды. Бекітілген баға 28 мың теңге болса, өзіндік құны 60-90 мың теңгенің арасында құбылады, әр зауытта әрқалай. Сондықтан біз оны шамамен көтеруіміз керек. Келесі 180 күндікке сұйытылған газдың бағасы сәл өсуі мүмкін. Ол 20 пайыздан артық емес. Мысалы, қазір бір тоннасы 28 мың теңге болса, 36 мың теңге болады. Басқаша айтқанда, көтерме баға 1 литрге 27 теңгеден болса, 29 теңге болады. Жанармай құю стансаларындағы бағаны бүкіл құзіретті органдар бақылауына алады. Бағаны негізсіз көтеруге жол берілмейді. Ондай фактілер бойынша тиісті шаралар қолданылады», деді министр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Болат Ақшолақов 1 шілдеден бастап сұйытылған газ нарығы қалай реттелетінін айтқан болатын.