×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Көбі ұсталып, азапталған: Украинада қаза тапқан журналистердің саны жарияланды

07.06.2022, 09:37
Фото: Euronews

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы бері 32 журналист қаза тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Украинаның мәдениет және ақпараттық саясат министрі Александр Ткаченкоға сілтеме жасап.

6 маусым – Журналистер күніне орай әлеуметтік желіде мәлімдеме жасаған министр тілшілердің соғыс жағдайында "ақпараттық майданның алдыңғы шебінде" жұмыс істеп жүргенін айтты.

"4 айдың ішінде 32 әріптесімізден айырылдық, соңғы сегіз жылда одан да көп журналист қаза тапты. Сіздер – батырсыздар. Сіздердің рөліңіз, ержүректігіңіз және ісіңізге адалдығыңызға баға жетпейді", - деп жазды Ткаченко.

Орталық Азияның жаңалықтар қызметінің жазуынша, 30 мамырда BFMTV медиа компаниясының француз журналисі Фредерик Леклер-Имхофф қайтыс болды. Ол Луганск облысында бейбіт тұрғындарды эвакуациялау процесін түсіріп жүрген. Журналист бейбіт тұрғындар отырған автобусты атқылаған кезде қайтыс болған.

29 сәуірде Киевте ресейлік зымырандардың атқылауынан Азаттықтың украин қызметінің тілшісі Вера Гирич көз жұмды. Зымыран ол тұрған үйге құлаған. 23 сәуірде Киевте The Insider басылымының тілшісі Оксана Баулина редакцияның тапсырмасын орындап жүрген кезде, бақилық болды.

13 наурызда Киев түбіндегі Гута ауылында фототілші Макс Левин із-түссіз жоғалып кетті. Оның денесін сәуір айында тапқан. Бұдан бөлек көптеген журналист ұсталып, азапталған.

Деректі фильм түсіретін литвалық документалист Мантас Кведаровичюс 2 сәуірде Мариупольда қайтыс болды. Ол соғыс жайлы жаңадан деректі фильм түсірмек болған. Ресей әскерінің оғынан көз жұмды.

Айта кетейік, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының 1 апта бұрынғы дерегінше, соғыс басталғалы Украинада кем дегенде 4149 бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы 4945 адам жараланды. Алайда құрбандардың шынайы саны ресми статистикадан әлдеқайда көп.