Украина соғыс аяқталған соң ресейлік тұтқындарды босатуға әзір. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап.
"Украина тарапы, халықаралық келесімшартта көрсетілгендей, әскери іс-қимыл толық тоқтаған соң ресейлік тұтқындарды босатып, елге қайтаруға әзір. Дегенмен Украина әскерилер мен өзге де күштік құрылым сарбаздарын қамауға алып, қылмыстық жауапқа тарта алады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бұдан бұрын Украинаның мәдениет және ақпараттық саясат министрі Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы бері 32 журналист қаза тапқанын хабарлаған.