×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ресейге салынған санкцияға байланысты Қазақстан өз мұнайын KEBKO атауымен экспорттайтын болды

07.06.2022, 11:45
Фото: Ашық дереккөзден

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен басқа да қазақстандық мұнай компаниялары шикізатты экспортқа жіберген кезде мұнайдың шығу тегі туралы сертификатта kebko (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) атауын көрсететін болды. Бұл атау мұнайдың Қазақстаннан шыққанын білдіреді. Бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚазМұнайГаз басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Маусым айынан бастап ҚМГ және басқа да қазақстандық компаниялар ілеспе құжаттарда, мұнайдың шығу тегі туралы сертификатта сатып алушыларда сұрақтар туындамауы әрі мұнайдың Қазақстаннан шыққанын атап көрсету үшін KEBKO (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) атауын көрсету туралы шешім шықты», - деді ол сейсенбі күні өткен брифингте.

Демек, Дәурен Қарабаевтың айтуына қарағанда, Ресейге қатысты санкциялар Қазақстанның мұнай транзитіне әсер етпейді.

«Ресей Федерациясына қатысты санкциялар қазақстандық мұнайдың басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитіне әсер етпейді. Біздің мұнай басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өтсе де, санкцияларға ұшырамайды», - деді Дәурен Қарабаев.

Оның айтуынша, мұнай сатып алушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы бүгінге дейін мұнай сатуда проблемалар болған жоқ.