Биыл елімізде егін шығымы қандай болмақ? ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев өз болжамын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрдің сөзінше, биыл ауа райы диқандар үшін былтырғыдан қолайлы болып тұр.
«Биыл көктемгі егіс жұмыстарын біз оңтайлы мерзімде аяқтадық. Топыраққа жиналған ылғалды сақтау жұмыстардың бәрі уақтылы, толықтай атқарылды. «Қазгидромет» маусым айына қолайлы болжам беріп отыр. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, биыл астық түсімі көпжылдық орташа деңгейде болады деп отырмыз», - деді Қарашөкеев.
Ведомство басшысының айтуынша, биыл егіс шығымы былтығырдан 15 пайыз жоғары болуы мүмкін.
«Соның ішінде бидайдың түсімі Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжауы бойынша 13-13,5 млн тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Маусым айында күтіп отырған жаңбыр уақтылы түссе, егіс шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болады», - деді министр.