Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылды. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.
Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.