×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы іс-шараларды халықаралық FATF стандарттарына сәйкес келтірмек

08.06.2022, 10:19
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжатты депутаттар алдында мәжілісмен Сергей Симонов қорғады. Оның айтуынга, заң жобасы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсарту, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (Financial Action Task Force on Money Laundering – FATF) халықаралық стандарттарын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасы:

  • заңды тұлғалардың өздерінің бенефициарлық меншік иелерін ашу міндетін белгілеуге;
  • осы іс-қимыл туралы заңнаманы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған трасттарға немесе басқа да корпоративтік құрылымдарға қолдануға;
  • терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген субъектілердің тікелей немесе жанама бақылауындағы қаражат пен өзге де активтерді тоқтатуға;
  • осы іс-қимыл туралы заңда шарттарды айқындауға бағытталған, оларға сәйкес бір топқа кіретін қаржы мониторингі субъектілері клиенттерді тиісінше тексерудің нәтижелері мен құжаттарына сенім артуға, сондай-ақ өзара ақпарат алмасуға құқылы болады.
  • қылмыстық құралдарды заңдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге және ФАТФ ұсынымдарында айқындалған бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін «мүлікті тәркілеу» түріндегі қылмыстық жазаны белгілеуге;
  • қаржы мониторингі субъектілерінің КЖ/ТҚҚІ туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ҚМС бақылауында болатындар үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтау тұрғысынан ҚМС бақылауында болатындардың қызметіне талдау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ практиканы қорыту, КЖ/ТҚҚІ туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу бойынша құзыреттер беруге;
  • террористік әрекет ұғымын кеңейту мақсатында «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заң ережелерін Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған.

Заң жобасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың, мүдделі қаржы мониторингі субъектілерінің салалық бірлестіктері мен қауымдастықтарының, оның ішінде нотариустар, адвокаттар және заң консультанттары палаталарының қатысуымен Жұмыс тобының 2 отырысы және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілген.