Желіде экс-президенттің кенже ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы мен Энергетика министрінің қызы Анадель Майданованың қарым-қатынасы туралы жазылған видео тарады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Бейнебаян әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Онда 18 жастағы Тауман мен Анадельдің отау құрғаны жазылған. Сондай-ақ басылым авторлары Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы резиденциясы оның ұлы Тауманға тіркелгенін хабарлады.
Ал, Ulysmedia.kz сайтының хабарлауынша, жастар шынымен де көптен бері таныс-біліс болған. Редакция Тауман мен Анадельдің қазақтың белгілі әдет-ғұрпы бойынша кәмелет жасына жетпей атастырылғанын білді.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми деректерге сәйкес 5 баласы бар. БАҚ экс-мемлекет басшысының бейресми үшінші әйелі Әсел Құрманбаева Тауман (2005) және Бәйкен (2008) атты екі ұлды дүниеге әкелгенін хабарлады.
Алмасадам Сәтқалиев 4 сәуірден бері Энергетика министрлігін басқарды. Бұған дейін ол «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сәтқалиев жарымен бірге бес бала – төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.