Сайлаудан кейін 25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан босап шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенбі күні оны қамау мекемесі алдынан белсенділер мен жақтастары қарсы алды.
“Өркениетті елдерде митингке шақыру деген – қалыпты құбылыс. Ал біздің Конституциямыздың шимай-шатпағын шығарып жіберген. Бейбіт митингке шығуға әркімнің құқы бар. Ол тапталмауы керек.
Менімен бірге кандидат болғандардың бәріне айтарым, бұл елдегі өзгеріс маған ғана керек емес. Мені депутаттыққа кандидат бола тұра, әй-шәйға қарамай, қамап тастады. Бұл – дұрыс емес. Мен тағы да көпшілікті митингке шақырамын, дәл қазір осы жерде, қайтадан апарып қамап тастаса да, маған бәрібір. Митингке шақырамын”, – деді журналист БАҚ-қа берген сұхбатында.
Мәжіліске кандидат болған Думан Мұхаммедкәрім сайлау нәтижесіне келіспейтінін айтып, жұртты бейбіт наразылыққа шақырған еді. 21 наурызда сот оны 25 тәулікке қамаған. Журналист шешіммен келіспеген.11314:49