×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстан прокурорлары Арселор ісіне қатысты Люксембургке өтінім жіберді

15.04.2023, 17:18
Ашық дереккөз

Қазақстанның прокурорлары "АрселарМиттал" компаниясының бірінші басшыларынан жауап алу үшін Люксембург органдарына өтінім жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, аталған сауал еліміздегі «АрселорМиттал Теміртау» шахталарындағы апат бойынша тергеу амалдарына қатысты жолданып отыр. Осы орайда, Қазақстанның прокурорлары Арселор басшылығынан шахталар мен өндірісте қауіпсіздікті күшейту, жұмысшыларға тиісті жағдай жасау, апаттарға жол бермеу саласында атқарылатын іс-қимылдарға қатысты жауап алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 2 мыңға жуық дерегі анықталды.

Еске салайық, былтыр 3 қарашада осы компанияға қарасты Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газының жарылысы болып, кеншілер қаза болған еді.

Сондай-ақ, былтыр 8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды.

Серіктес жаңалықтары