25 жастағы қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Калифорнияда өткен бокс кешіне қатысты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Спортшымыз мексикалық Даниэль Эчеверриамен жекпе-жекке шықты.
Әбілхан Аманқұл қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Бұл жас боксшының мансабындағы үшінші жеңісі болды.
Еске салайық, 12 ақпанда Венгрияда өткен турнирде алты қазақстандық боксшының финалға шыққаны хабарланған болатын.