×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Чемпионатта Әзербайжан туы өртенді: кінәлі мәлімдеме жасады

16.04.2023, 15:14
Чемпионатта Әзербайжан туы өртенді: кінәлі мәлімдеме жасады
Ашық дереккөз

Еревандағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатының ашылуында Әзербайжан туы өртеніп кетті. Ел спорттық шараға қатысудан бас тартты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Оқиғаға кінәлі - шараны ұйымдастыруға қатысқан дизайнер Арам Николян. Ол сахнаға жүгіріп шығып, ту ұстаушыдан туды жұлып алып, оны өртеп жіберіп, қашып кетеді, содан кейін ту ауыстырылып, орнына қайтадан басқа ту әкелінді.

Кейінірек ер адам өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады.

«Менің тілегім – Армения Республикасының астанасы Ереванда Әзербайжан туының желбіреуіне жол бермеу. Ал менің әрекетімді дұрыс емес деп есептейтіндер болса, үйінде Әзербайжанның туын іліп, соған қарап отырсын», - деді ол.

Жастар және спорт министрлігі бұл жағдайды жабайылық деп бағалап, түсініктеме берді.

«Бұл халықтар достығы мен өзара түсіністікке ықпал ететін спорттың асыл мақсаты мен қағидаттарына мүлдем қайшы келеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 сәуірде Армения мен Әзербайжан шекарасында атыс болды. Қақтығыс кезінде бірнеше адам қаза тапты. Екі тарап бірін-бірі арандатушылық жасады деп айыптады.