×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Астанада боран: коммуналдық қызметтер қар басқан көшелерді тазалауға асығар емес

17.04.2023, 08:28
ulysmedia.kz

Астанада қыс қайтадан күшіне мінді. Боран соғып, қала көшелерін қар басып қалған. Алайда елорданың коммуналдық қызметтерінің техникалары да, қызметкерлері де көрінбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Порталымыздың тілшісі 17 сәуір, дүйсенбі күні таңертең Астананы аралап шықты. Елорданың барлық жолдары мен көшелерін қар басып қалған, қабат-қабат киінген тұрғындар аялдамаларда автобус күтіп тұр.

Алайда, біз қала көшелерінен коммуналдық қызметтердің техникасын да, жұмысшыларын да көре алмадық. 

Әлеуметтік желілерде астаналықтар жолдың нашар көрінуі мен қалың қар салдарынан апат көбейгенін жазып жатыр. Полиция департаментінен апаттар жайлы ресми мәлімет әлі берілген жоқ.

Дей тұрғанымен, CTS компаниясы елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, көктайғақ, боран) көлік ағындары мен қоғамдық көліктердің қозғалыс жылдамдығы төмендеді, автобус маршруттарының кешігуі байқалады, кейбір жерлерде қоғамдық көліктер үшін жол жүру қиынға соғады. CTS барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда сергек болуға және маршрутты алдын ала жоспарлауға шақырады. Біз барлық жүргізушілерден жолдарда барынша мұқият болуды, қауіпсіз қашықтықты сақтауды, жылдамдық режимін таңдауды сұраймыз", - делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ, Астана әкімдігі 15-16 сәуірге қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 24 мың текше метрден астам қар шығарғанын хабарлады.

Сонымен қатар, бұдан бұрын 17 сәуірде бірінші ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары қашықтықтан оқу форматына көшетіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары