×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қар құрсауындағы Астана: құтқару бөлімшелеріне 3,5 мыңнан астам қоңырау түскен

17.04.2023, 10:14
ulysmedia.kz

Елордада ауа райына байланысты құтқару бөлімшелеріне 3500-ден астам қоңырау түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

“Ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен және ағымдағы тәулікте 112 желісіне 3500-ден астам қоңырау түсті. Астана қаласы ТЖД бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, онда қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялады, адамдарды қалаға жеткізді”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ауа-райының нашарлауына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабылды: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск.

Айта кетейік, бұдан бұрын порталымыздың тілшілісі Астананың қар басқан көшелерін аралап, коммуналдық қызмет көліктері мен жұмысшыларын кезіктіре алмаған болатын.

Серіктес жаңалықтары