×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ұрланған миллиардтар: "ӨКМ Операторына" қатысты негізгі сот талқылауы өтіп жатыр

17.04.2023, 10:26
видеодан скриншот

Астанадағы Байқоңыр аудандық № 2 сотында "ӨКМ Операторы" ЖШС ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экс-экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ Операторы" экс-Бас директоры Светлана Коротенко сотталушылар орындығында отыр.

Олардың барлығы миллиардтаған қаржы жымқырды деп айыпталуда.

Отырыс онлайн форматта өтіп жатыр. Сотталушылар Астанадағы ауа-райына байланысты сот ғимаратына жеткізілген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланыстырылатын компания да дау ошағына айналды.

"ӨКМ Операторы" бірнеше рет сынға ұшырады. Алдымен компанияның басқарушы директоры Руслан Шамшиевтің қайтыс болғаны, дәлірек айтсақ, өз-өзіне қол жұмсағаны туралы белгілі болды, содан кейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты күдікпен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" Басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қамауға алынды.

Кейінірек компанияның бұрынғы бас директоры Светлана Коротенко да тергеу изоляторына жіберілді.

Бұдан бұрын Антикор тергеу 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын кәдеге жарату үшін артық құнды белгілеу жолымен 20 млрд теңгеден астам қаржы ұрлау дерегі бойынша жүріп жатқанын мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары