×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Ақтауда шала туған шақалақты кәріз құдығына тастаған

09.06.2022, 16:44
фото: ашық дереккөзден

Айы-күні жетпей туған жансыз шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 9 маусымда сағат 11:51-де кезекші 102 пультіне Ақтау қаласының 32-шағын ауданында кәрізден 9 айы толып, өмірге келмеген шарана табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіле бастады», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған факт ҚР ҚК 001-бабы (адамның қайтыс болуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.