×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

ЕДҚБ президенті: Қазақстан мұнаймен күн көріп отыр, бірақ зиянды қалдықтарға назар күшейе береді

09.06.2022, 17:25
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысында Қазақстан билігін баламалы қуат көздеріне назар аударуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Зиянды қалдықтардыуң мөлшерін 2050 жылға дейін нөлдік деңгейге жеткізуге тырысқанымен, әлем тағы ондаған жылдар бойы бәрібір мұнай мен газды пайдаланатынын білеміз. Әлбетте, бұл сектор Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар табысты әкеледі. Алайда уақыт өте келе осынау өнеркәсіп секторларынан келетін зиянды қалдықтардың қарқынына жыл санап назар күшейе береді. Көмірсутектен арылтатын өндіріске және ресурстарды тасымалдауға салынатын инвестиция артады», - деді Одиль Рено-Бассо.

Банк президенті мұнай-газ секторын декарбонизациялау үшін Қазақстанды метан бойынша Жаһандық міндеттемелерге қосылуға шақырды. Айтуынша, Қазақстан өзіне көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін жету бағытында міндеттеме алғандықтан, аталмыш мәселелер Қазақстанның жұмысында лайықты орынын алғаны жөн. Ол үшін Одиль Рено-Бассо энергетикалық сектор толығымен декарбонизациялану керектігін, баламалы қуат көздерін дамыту жобалары жандандырылуы керектігін атап өтті.