×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Тоқаев: АЭС салынатын орынды айқындадық

09.06.2022, 18:06
Фото: Ашық дереккөзден

Президент АЭС салынатын орынның белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз экспортқа бағытталған экономиканың салаларына бөлінетін квоталарды ақылы етуге кезең-кезеңімен өтуіміз керек! Квоталарды сату бағытындағы отандық жүйе парникті газдарды өлшеу, верификациялау бағытындағы шынайы ақпараттарға негізделуі тиіс. Алайда іс жүзінде біз мүлде басқа жағдайды көріп отырмыз. Парникті газдарды өлшеп, валидация және верификация жүргізетін органдар құрылғылар тұратын орындарға бармайды. Олар алыстан келген есептерді қабылдап отыра береді. Осылайша, елдің әр өңірінде осындай 20-ға тарта есептен қабылданады. Бұл жағдайлар осындай есептердің шынайылығына күмән туғызады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған байланысты президент үкіметке парникті газдарды өлшеп, валидация және верификация жүргізетін органдарға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасындағы көміртегін пайдалану көлемін төмендету және экономикалық шығындардың алдын алу үшін атқарылып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Атап айтқанда, қалдықтарды саудалауға қатысты ұлттық жүйені еуропалық жүйеге жақындату жөнінде Үкіметтің атқарып жатқан жұмысы туралы мәлімдеді.

«Парниктік газ қалдықтарының үлестік коэффициенттерінің есептеу әдістемесін күшейту бағытында қайта қарауды жеделдету қажет. Есептеу тәсілі еуропалық әдіске сәйкес, яғни саладағы ең озық 10 өндіріс негізінде жасалуға тиіс. Осы ретте өндірістің негізгі ғана емес, қосалқы түрлерін де ескеру керек. Сондай-ақ Еуропа одағының қалдықтарды сату жүйесі сияқты экономика секторларын кеңінен қамту қажет. Кеңес мүшелері іс жүзінде көмек көрсетуге тиіс. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтау қажет», – деді президент.

Сонымен қатар Тоқаев АЭС мәселесін қозғады.

”«ЕО жасыл технологиялар тізіміне енгізген атом энергетикасын дамытуда Қазақстанның бірқатар бәсекелестік артықшылықтары бар. Біздің еліміз табиғи уранды өндіруден әлемде бірінші орында тұр, ядролық отынның өзіндік өндірісі бар және уранды байыту бойынша тиісті мүмкіндіктерге ие. Қазіргі уақытта біз атом электр стансасын орналастыратвн орынды айқындадық. Әлеуетті жеткізушілердің технологияларын зерттеп жатырмыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы отырыстан кейін тілшілер алдына шыққан Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС Алматы облысының Балқаш көлінің жағасында Үлкен кентінің жанында салынатынын айтты. Ал қай елдің компаниясы салатыны туралы сұраққа министр ол мәселе бір жылдан кейін белгілі болатынын айтты.

йта кетсек астанада Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-жалпы отырысы өтіп жатыр. Отырыста бірінші болып мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Жиынға әлем елдерінен инвесторлар, оның ішінде Еуропалық даму және қайта құру банкінің президенті Одиль Рено Бассо, Азия даму банкінің өкілі Лакшми Нивас Миттал, Шеврон корпорациясының вице-президенті Джеймс Джонсон және тағы басқалар келген. Әлихан Смайылов бастаған Қазақстан үкіметінің барлық мүшелері де жиында отыр.